Қазақстанда 900 мыңнан астам адам жұмысқа тұрғызылды

Елімізде кейінгі 11 айдың қорытындысы бойынша өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында 900 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға бизнес ашу үшін 9 мыңнан аса мемлекеттік грант табысталған. Оның сомасы – шамамен 1 миллион 300 мың теңге. Кәсіпкерлік саласында әсіресе жастарға қолдау жоғары. 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас бизнесмендерге 2,5% жеңілдікпен несие берілді.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Республикада әлеуметтік міндеттемелердің барлығы мүлтіксіз орындалып жатыр. Мемлекет басшысының «Ұлттық қор – балаларға» бастамасы аясында қажетті заңнамалық түзетулер қабылданды. Жоба 2024 жылғы 1 қаңтардан басталады. Биыл республикалық бюджеттен төленетін барлық жәрдемақының мөлшері 8,5%-ке, ал ынтымақты зейнетақы 10,5%-ке көбейді.