Жаңаөзенде жедел жәрдем көлігі жазғы дөңгелекпен жүр

Көктайғақ салдарынан қозғалысы қиындаған көлікті тұрғындар түсіріп алып, әлеуметтік желіде жариялаған.

Бұған қатысты №1 Жаңаөзен қалалық емханасының басшылығы түсінік беріп, түсірілімнің демалыс күндері жасалғанын айтып ақталды.

Айта кету керек, аталған медициналық мекемеде 3 жедел жәрдем көлігі бар. Олар тәулігіне 25 шақыртуға дейін барады екен.

Қырмызы Балжанова, Жаңаөзен қалалық емханасының директоры:

- УАЗ маркалы, 722 нөмірлі жедел жәрдем көлігі автосервис орталығына тексерістен өтуге және жазғы дөңгелектерін қысқы дөңгелектерге ауыстыруға жеткізу барысында осы видеоға түсіп қалғаны анықталды және бұл кемшіліктердің орны толтырылып, профилактикалық тексерістен толықтай өтіп, жазғы аяқтары қысқы дөңгелектерге ауыстырылды.