ШҚО ТЖД қызметкерлері балалардың жаңажылдық арманын орындады

ШҚО ТЖД қызметкерлері балалардың жаңажылдық арманын орындады
www.gov.kz

Шығыс Қазақстанның құтқарушылары Жаңа жыл қарсаңында Өскемен қаласының жас тұрғындары Макар мен Айтөренің тілектерін орындады.

Олар жол талғамайтын “Шерп” көлігінің кабинасында отырып, азаматтық қорғау органдары қатарында қызмет ететін төрт аяқты құтқарушы Хитпен танысты.

Макар мен Айтөре өздерінің эмоцияларымен бөлісіп, құтқарушыларға сәттілік тіледі және болашақта олардың қатарын қалай толықтыруға болатындығы туралы ойланып қалды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі