Қазақстан шекарасын қазақы тазылар күзетеді

Шекараны қазақтың тазысы мен төбеті күзетеді. Әскерилер екі тазы және екі төбеттің күшігін осыған баулып жатыр.

Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тазыны дәріптеу қажет деп, арнайы заң қабылдатты. Енді ұлттық брендке айналдыру үшін оны түбегейлі зерттеу жүргізіліп жатыр. Соның бірі олардың иісшілдігін, жүйріктігін, ептілігін өзге иттермен салыстыру. Мұның сыртында есірткі іздеу мен жарылғыш заттарды табуға пайдаланбақ.

Бауыржан Зәкін, ҚР ҰҚК Шекара қызметі кинология бөлімінің өкілі:

- Дериваттарды ұстау бойынша неміс және белгиялық овчаркасынан айырмашылығы тазы алыда келе жатыр... Зерттеп жатырмыз.