2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы қабылданды. LIVE

Елде өндірісте жарақат алу мен кәсіптік аурулар көрсеткіші өсіп барады.

Ресми статистика бойынша, былтыр өндірісте зардап шеккендер саны 2021 жылмен салыстырғанда 15% ға, ал кәсіптік аурулар 8%-ға өскен. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы әзірленді. Оның негізгі ережелері Үкімет отырысында талқыланып, қабылданды.