Ақтөбе облысының полицейлеріне 32 жаңа көлік берілді

Көліктер учаскелік полиция инспекторларына, аудандық бөлімшелерге және 3 квадроцикл патруль сақшыларына табысталды.

Автокөліктер видео-жетондар, планшеттер және тағы да басқа қажетті құрал-жабдықпен қамтылған. Қазір бұл аймақта полицейлердің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша белсенді іс-шаралар атқарылып жатыр. Тәртіп сақшыларының өзі бұл қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге сөзсіз оң әсерін тигізеді дейді.