Биыл 134 мың тұрғын үй пайдалнуға берілді

Биыл республика бойынша 134 мың тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 32 мыңнан астамы – жеке тұрғын үй.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 5,9 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,6%-ға көп.

Сондай-ақ, биыл 73 млрд теңгеге 41 жоба іске қосылды. 2027 жылға дейінгі жол картасы бекітіліп, құрылыс индустрия саласына 1,8 трлн теңге бөлінді. Ол 270 жобаны қамтымақ.

Сонымен қатар, кезекте тұрғандарды қолжетімді әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 10,9 мың жалдамалы пәтер сатып алуға 104 млрд теңгеден астам, несиеге берілетін 12,5 мың тұрғын үй салуға және сатуға 158 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.