Солтүстікте ауылдар үш күннен бері жарықсыз отыр

Солтүстік Қазақстан облысында 20 ауылдың халқы үш күннен бері жарықсыз отыр.

Сала мамандары жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуын ауа райының қолайсыздығымен түсіндіреді. Өңірде 26 желтоқсан күні жаңбыр жауып, соңы боранға ұласқан. Қатты желдің кесірінен электр сымдары үзіліп, шағын станциялар жаппай істен шықты. Төтенше жағдайға байланысты арнайы штаб құрылды. 92 бригада жасақталды. Күні бүгін аймақтағы электр желілерінің 95 проценті әбден тозған.

Ерлан Қайырбеков, облыстық энергетика және түкш басқармасының бөлім басшысы:

- Бірінші кезекте біз әлеуметтік нысандарды бақылауға алдық. Яғни орталық қазандықтар, аурухана, балабақшамен мектептерге генераторлар қойылды. Қазір жағдай облыс басшысының жіті назарында. Жұмыстар атқарылып жатыр. Техника бар. Сәтін салса ертең кешке дейін барлық елді мекенге жарық беріледі деген ойдамыз.