Павлодарлық оқушы Президентке хат жазған

Павлодардағы дарынды балаларға арналған музыка мектебінің оқушысы Алан Азат Президентке хат жазған, деп хабарлайды 24KZ.

Үрмелі аспап сұраған өнерлі бала елімізді әлемге танытатын музыкант болуды армандайды. Аланның тілегі орындалды. Оған Президент атынан музыкалық аспап табыс етті. Мемлекет басшысының құттықтау хаты да жетті. Алан жаңа аспаппен өз өнерін ортаға салды.

Алан Азат, оқушы:

- Мен өте қуаныштымын осындай сыйлық алғаныма. Мен рақмет айтамын Президентке.

Сәния Жұманова, қала тұрғыны:

- Енді Президентімізге алғысымды айтамын. Осындай бала арманын орындағаны үшін. Енді әрі қарай жақсы оқып, үміттенеміз неше түрлі конкурстарға әртүрлі қатысады деп. Өте ризамын ата-ана ретінде, өте қуаныштымын. Бізге ол енді бір бақыт деп ойлаймыз.