Оралдық балаларға Президент атынан сыйлық берілді

Оралдық балдырғандар да Президент сыйлығына ие болды, деп хабарлайды 24KZ.

Мектеп оқушылары өз хатында спорттық киім мен аяқ киім және ұялы телефон қалайтынын жазған. Балалардың тілегі орындалып, бүгін оларға сыйлықтар табысталды.

Айсана Мерген, оқушы:

- Көп-көп рақмет айтамын. Өйткені мен хат жаздым. Соны орындап, ұялы телефон алып берді. Мен өте қуаныштымын. Жаңа жыл маған осындай сыйлықтар бергенімен, сыртқа шығып, қар атысып ойнаған, бауырларымен сөйтіп ойнаған ұнайды.