Бірнеше облыста жол жабылды

Күн райының нашарлауына байланысты бірнеше аймақта жолдар жабылды, деп хабарлайды 24KZ.

Қазіргі уақытта Ақмола, Абай және Жетісу облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде барлық көлік қозғалысына тыйым салынды. Сондай-ақ облыстық маңызы бар жолдардың 2 учаскесінде көлікпен жүруге болмайды. «Қазгидромет» 2-4 қаңтар аралығында еліміздің бірқатар өңірінде боран болатынын ескертеді.