«Алматы-Астана» тас жолының құрылысы мерзімінде аяқталмады

Орталық пен оңтүстікті байланыстыратын көлік дәлізі 3 учаскеге бөлінген.

Қарағанды мен Жамбыл облыстарының үстінен өтеді. 2021 жылы Президент жолды екі жыл ішінде жөндеуді тапсырған еді. Алайда мың шақырымға жуық жолдың тек 200 шақырымнан астамы қолданысқа берілді. Енді атқамінерлер биыл жыл соңына дейін созбалаңға салынған құрылысты аяқтаймыз деп уәде беріп отыр.

Қала тұрғыны Еркеулан Тойболдин 15 жылдан бері көлік жүргізеді. Жеке көлігімен еліміздің біраз өңірін шарлады. Жылына бірнеше рет Алматыға барады. «Қарағанды-Алматы» тас жолын жақсы біледі. Бұрын 13 сағатта  Алматыға жететін. Қазір уақыт еке есеге ұзарды.

Еркеұлан Тойболдин, Қарағанды қаласының тұрғыны:

«Қарағанды мен Жамбыл облысындағы жол өте нашар. Сол жерде мен бір екі рет дөңгелегімді жарып алғам тұғын. Кейбір жерлерде жол қысқарады мысалы. Толық тапсырды дейді. Өзінің жол сапасына 100% сай емес. Оны мен айта аламын».

«Қарағанды-Балқаш» аралығында жол-көлік апаты да жиі болады. 350 шақырымдық жолды жөндеу жұмысы 2019 жылы басталды. Сол кезде төрт жолақты автобан жобасы 250 миллиард теңгеге бағаланды. Бірақ, содан бері мердігер ауысып, жоба қымбаттап кетті. Құрлыс 2022 жылы аяқталуы тиіс ді.

Амангелді Беков, Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары

«Балхаш - Бурылбайтал» туралы айтсақ. Оның ұзындығы 288 шақырымды құрайды. Ол кезде 72 шақырымда біз мердігермен, компаниямен келісім-шартты үзіп, жаңадан мердігер сайладық. Қаржыландыру Дүниежүзілік банкпен іске асырылып жатыр. Сондықтан 72 шақырымда жұмыстар кішкене кедергі болып қалды. Бірақ толығымен дәлізді Астанадан Алматыға дейін 2024  жылдың аяғына дейін толығмен аяқтаймыз деп жоспарлап отырыз».

Алмас Садуақас, тілші:

«Бұрылбайтал-Күрті» күре жолы Қонаев қаласына жалғасады. Жол бойындағы Ақши ауылынан Қонаев қаласына дейінгі 60 шақырым аралықты кеңейту көзделген. Әзірге оның 20 шақырымы толық аяқталды».

Алмас Садуақс, Марина Золотарёва, Сайран Акамбаев, Зарина Зулпыхар