Зейнетақы аударымдары: биыл қандай өзгеріс бар?

Енді әрбір жұмыс беруші зейнетақы қорына міндетті 10%-тік жарналардан бөлек, қызметкердің жалақысына қосымша пайыз аударуға міндетті болады, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл норма 2020 жылы қабылдануы керек еді, алайда қоғамдық талқылаудан кейін біраз уақытқа кейінге шегерілді. Биыл жаңа жарна мөлшері 1,5% құрайды. Ал келесі жылдары тағы 1%-ке өсіп отырады. Осылайша, 2028 жылға қарай қызметкердің жалақысының 5%-ін қамтымақ.