Қ. Тоқаев: Биыл Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу аяқталады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында тарихымызға да арнайы тоқталып өтті.

Тарихта ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізетінін айтты. Әрі биыл Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жұмыстарын да аяқтаймыз, - деді. Осы тақырыпты Ұлттық музейдің ғылыми хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Саялбек Ғиззатовпен талқылаймыз.