Мердігер жауапқа тартылды

Қостанай облысына былтыр жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге бюджеттен 21,1 миллирд теңге бөлінді.

Бекітілген 57 жобаның 46-сы аяқталып тапсырылды. Қалғаны алдағы жылдардың еншісіне қалды. Соның ішінде екі жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталмаған. Атап айтсақ, Қостанай-Мамлютка бағытындағы жергілікті маңыздағы жол учаскесін қарағандылық мердігер тиіп-қашып істеген. Олар жаз бойына жол табанын белгілеп, жиегін тегістеумен ғана шектеліпті. Белгіленген жұмыс ауқымын атқармаған мердігермен қазір әкімдік соттасып жатыр. Аяқсыз қалған екінші жоба – Арқалық қаласын айналма жол. Былтыр басталуы тиіс 6 шақырымдай жол құрылысының бір метрі де салынбапты. Қажетті материалдар сатып алуға мердігердің ақшасы болмаған. Соның салдарынан осы мақсатқа қаралған 108 миллион тенге игерілмей қалды.

Болат Сейдахметов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының м.а:

-Істемеген уақыттан бастап, біз бәрін фиксировать еттік. Сосын сотқа бердік, Арқалықта процесс болды. Ол недобросовестный болды. Енді корректировкаға бердік проектіні. Биыл енді корректировканы аламыз. Сосын қайтадан конкурс объявит етеміз.