Қарағанды облысында жолда қалғандарға волонтерлер көмектесіп жүр

Қарағанды облысында жолда қалғандарға волонтерлер көмектесіп жүр

Қарағанды облысында боранда жолда қалған жолаушыларға тәртіп сақшылары

мен құтқарушыларға волонтерлер де көмектесіп жүр.

Теміртау қаласының еріктілері тасжолдың бойында қалғандарға ыстық тағам үлестіруде. Ал «Қарағанды джиперлері» деп аталатын 60 ерікті көліктерді қар құрсауынан сүйреп шығаруда. Осылайша қар тазалайтын техникаға жол ашып береді.

Виталий Бош, волонтёр:

- Біз өз күшімізбен осындай ауа райы кезінде тұрақты түрде жолда қалғандарға көмектесіп тұрамыз. Әрбіріміз 3-4 көлікті қардан шығарамыз. Өзіміздің әлеуметтік желідегі тобымыз бар, кейбірі сонда хабарласады, бірден барамыз да жол жиегіне шығып қалған немесе көктайғақтан жүре алмай тұрған жерлестерге көмектесіп жібереміз.