Талдықорғанда жемқорлардан тәркіленген қаржыға мектеп салынды

Талдықорғанда жемқорлардан тәркіленген ақшаға салынған мектепке оқушыларды қабылдау басталды, деп хабарлайды 24KZ.

Әзірге 600-ден астам бала құжатын тапсырған. Олар үшінші тоқсанды жаңа оқу ордасында бастады. Аумағы 1600 шаршы метрден асатын ғимаратты салуға 3 млрд 600 млн теңге жұмсалды. Оның жартысы – жемқорлық фактісі бойынша істі болғандардан тәркіленген қаржы. Жаңа мектепте жеткіншектердің жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасалған. Енді Ынтымақ, Жастар 2 және Үшінші бөлімше ықшам ауданының оқушылары қалаға қатынамайтын болды. 

Мерей Иманалиқызы, оқушы:

- Мектеп маған өте қатты ұнады, керемет. Негізі осы Ынтымақ ауылында мектеп ашылады деген кезде қатты қуанған болатынбыз. Өйткені Зариядағы мектепке бару өте қиын болатын. Осы мектеп ашылғалы барлық оқушылар осында келіп, өте жақсы болды.

Сәуле Үсенова, №30 орта мектеп директорының міндетін атқарушы:

- Қазіргі таңда 21 мектептен 15 мұғалім завучымен, оқушыларымен бірге  конкурсқа қатыспай қабылданып отыр. Біз қазіргі кезде конкурс жариялап қойдық. Жұма күні конкурс комиссиясының отырысы болады. Бізге 30 мұғалім сұраныс беріп отырмыз. Бұйырса, 30 мұғалім жұмысқа қабылданады.