Пайдаланылған шырша ағаштары зообақта кәдеге асады

Қарағандыдағы хайуанаттар бағының өкілдері осымен 10 жыл қатарынан Жаңа жыл мерекесінен қалған

шыршалар мен қарағайларды қабылдап келеді. Себебі қылқан жапырақтылар, біріншіден, қорек, екіншіден, табиғи төсеніш болады. Биылдың өзінде 50-ден астам ағаш жануарлардың қажетіне жараған.

Әмин Алин, хайуанаттар бағының зоотехнигі:

- Маралдар, бұғылар түгелі табиғи тұрғыда осымен қоректенеді ғой. Хайуандар да иіскелеп ойнайды. Малдың астына төсеуге де керек, текке далада шіріп қалғанша пайдалы ғой мында. Өздерің көріп тұрсыңдар, маралдар ақырын-ақырын жеп жатыр. Жолбарыстың балалары ойнайды, сонымен тырнақтарын тазалайды.