Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке 850 млрд теңге қайтарды

Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке 850 миллиард теңге қайтарды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тлеукенов хабарлады. Айтуынша, 218-бап бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары аяқталды. Қылмыстық жолмен алынған ақшаға ол елден және шетелден түрлі мүліктер алған. Сонымен қатар салықтан жалтару бойынша тағы бір дерек анықталды. Бірақ бұған қатысты тергеу жалғасатын болады.