Астанада әуе рейстері кешіктірілуі мүмкін

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты әуе рейстері кешігуі мүмкін, деп хабарлайды 24KZ.

Бүгін елорда әуежайынан 75 рейс ұшады деп жоспарланған. Алайда бас қалада қазір желдің екпіні үдеп, секундына 15 метрге дейін жеткен және тағы күшеюі мүмкін. Ал әуе айлағын қалың қардан тазалауға 10 техника жұмылдырылды. Ол аздай, техникалық себептеріне байланысты 7 рейс кешіктірілді.