Қазақ әскері Орталық Азияда көшбасшы атанды

Қазақстан – Орталық Азияда Қарулы күштер бойынша көшбасшы.

Global Firepower порталының әскери әлеует деңгейі бойынша жылдық рейтингінде біздің ел үздік нәтиже көрсетті. Қазақстан әскері 145 мемлекеттің ішінде 58-ші орынға шығып, өз позициясын Орталық Азиядағы үздік ретінде бекітті.

Әр мемлекеттің әскері 60 түрлі критерий есебі бойынша бағаланды. Оның ішінде әскери бөлімшелер, санымен қоса адам ресурсы, қаржы жағдайы, технологиялық даму, географиялық орналасуы, мобильділігі, тағы басқалары бар.

1-орын —   АҚШ

2-орын —   Ресей

3-орын —   Қытай

17-орын —   Израиль

18-орын —   Украина

58-орын — Қазақстан

65-орын —   Өзбекстан

100-орын —   Қырғызстан.