Қызылорда облысындағы ауыл инфрақұрылымы жаңғыртылды

Қызылорда облысындағы елді мекендерде жеке тұрғын үй салуға арналған жер телімдері инфрақұрылыммен қамтыла бастады.

Әр тұрғынға он сотық жер учаскесі ауызсу, жарық, көгілдір отын желілерімен толық қамтылғаннан кейін беріледі. Бұған дейін қала маңындағы жаңадан ашылған ықшам аудандар ғана осындай игілікке қол жеткізген еді. Енді Арал ауданы Жақсы-қылыш ауылының 262 тұрғыны ұзақ жыл күткен жер телімін тиісті талаптарға сай алады. «Осылайша 2000 жылдардан бері жер кезегінде тұрған азаматтардың өтініші қанағаттандырылады»,-дейді мамандар.

Қуанар Әбекенов, Арал аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы:

- Қала бойынша қазір 1652 участок тұрғын үй салуға берілуде. Бұл қазір ауданымыздағы кезекте тұрған қазір 7 мыңның үстінде тұрғындар бар. Соның 1600-ге жуығы биыл участокпен қамтамасыз етіледі.