Сапасыз байланыс: ₸3,2 млрд айыппұл салынды

Елдегі үш ірі ұялы байланыс операторына сапасыз қызмет көрсеткені үшін 3 млрд теңгеден астам айыппұл салынды.

Былтыр Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 800-ге жуық тексеріс жүргізді. Салынған айыппұлдың тең жартысы бюджетке түскен. Министрлік интернет желісі мен мобильді байланыстың сапасын арттыру мақсатында ұдайы бақылау жүргізіп келеді. 2022 жылы 1200-ге жуық тексерістің нәтижесінде 1,6 млрд теңге айыппұл салынған. «Бұл шаралар операторлардың жауапкершілігін арттыруға ықпал етіп отыр», - дейді ведомство өкілдері.