Талдықорғанда мүмкіндігі шектеулі жандарға күтім көрсетілуде

Талдықорғанда 18 жастан асқан туабітті мүмкіндігі шектеулі жандарға күтім көрсетіле бастады.

«Қамқор» арнауы әлеуметтік қызмет көрсету  орталығынан 50 орындық бөлімше ашылды. Мекеме дефектология, физиотерапия, сенсорлық кабинет, оңалту бөлмесі және өзге де қажетті құралдармен толық жабдықталған. Ондағы мамандар ақыл-ой кемістігі барларға педагогикалық, психологиялық, медициналық көмек көрсетіп, түрлі шаралар арқылы еңбекке баулиды.

Айта кетейік, бұрын облыс орталығында кәмелет жасына толғандарды бағатын мекеме болмаған. Сол себепті ата-аналар балаларын Қоғалы, Сарқан, Жаркент қаласындағы орталыққа апаруға мәжбүр болатын. Көптен бері көтерілген өзекті мәселе биыл өз шешімін тапты.

Динара Қуатбекқызы, облыс тұрғыны:

- Қазір көңіліміз орнына түсті де. Енді егемен еліміздің келешегі үшін өзіміз де жұмысымызды жалғастырамыз. Бала жайлы болса ата-ана да тыныш, өміріміз де тыныш. Жанұямыз да тыныш. Баламыздың жағдайы жасалып тұр. Келіп тұрамыз көріп тұрамыз. Рахмет үлкен.

Сая Хаймулдина, облыстық жұмыспен қамту басқармасының бас маманы:

- Сондай-ақ, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылы Талдықорған қаласында 150 орындық оңалту орталығының құрылысы басталады. Жобалық сметалық құжаттар мемлекеттік сараптамадан 2024 жылы қаңтар айында шығатын болады.