Мобильді оператордың бірі инвесторға беріледі

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының мобильді операторларының бірі жаңа инвесторға берілуі мүмкін.

Бұл мәселе бүгін Үкіметте талқыланды. Экономиканы демонополизациялау бойынша комиссияның отырысында байланыс операторының бірін бәсекеге қабілетті нарыққа шығару жайы қарастырылды. Қазір шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Премьер-министр Әлихан Смайылов бұл бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды. Аталмыш өзгерістер қызмет сапасын жақсартып, телекоммуникация саласының дамуына оң әсерін тигізеді деп күтіліп отыр.