Елде вейпке қатысты заңды қатаңдату керек

Қоғамда вейпке құмарлық басылмай тұр.

Үкіметтік емес ұйымдардың бірі мәселені зерттеп, сауалнама жүргізген. Нәтижесі көңіл көншітпейді. Астана мен Алматы сияқты үлкен қалаларда сауалнамаға қатысқан жасөспірімдер мен жастардың 80 проценттен астамы вейп сатып алатынын айтқан. Қоғамдық қор былтырдан бері «Вейпсіз жастар» жобасын жүзеге асырып келеді. Қоғам белсенділері бұл бағытта заңды қатаңдату керек, - деп санайды. Қазір вейп дүкендердің саудасы қызып тұр. Біздің елде 21 жасқа толмаған азаматтарға сатуға тыйым салынған. Бірақ бұл шектеу сақтала бермейді. Әйтпегенде, электронды темекілер оқушылардың қолына тимес еді, деген пікірде.

Айта кетейік, әлемде 25 мемлекет вейпті сатуға заңмен тыйым салған.

Эльвира Ватлина, қоғамдық қор директоры:

- Қолданыстағы заңнамада осы мәселемен айналысатын органдар тарапынан жауапкершілік пен бақылауды арттырудың жалпы тенденциясы ғана бар. Жоба аясында ішкі істер органдарымен вейп-шоптар бойынша 36-дан астам бірлескен рейд жүргізілді. 21 жасқа толмағандарға  вейп сату туралы талаптарды бұзғаны үшін 14 әкімшілік хаттама жасалды. Сондай-ақ бірнеше қалада семинар өткіздік.