Ертіс өзенінде су деңгейі көтерілді

Өткен түні Семейде Ертіс өзенінің су деңгейі көтеріліп, 457 сантиметрге жетті.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Бейбітшілік» аралының 11 тұрғыны эвакуацияланды. Олар қонақ үйге орналастырылып, ыстық тамақпен қамтылды. Төтенше жағдайлар депаратментінің қызмткерлері бөгет салып, су бұру үшін жол төсемін ашу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде 5850 текше метр су өзен арнасына қайта жіберілді. Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, қазір су басу қаупі жоқ. Сағат сайын учаскелерді аралау мен су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр. Ал тұрғындар өз үйлеріне қайтты.