Алматы облысында 300 саяжай елді мекендерге қосылды

Өңірде 674 саяжай бар, деп хабарлайды 24KZ.

Олар негізінен Алматыға жақын Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ пен Жамбыл аудандарында орналасқан. Саяжайларды ауыл шекарасына енгізу бойынша бас жоспарды өзгерту жұмысы аяқталған. Мәселен, Іле ауданында 5 елді мекеннің бас жоспарына 109 саяжай қосылды. Қазіргі таңда тұрғындар санын есептеп, балабақшалар мен мектептерді салу жөнінде жоспарда бар. Халықтың ұсынысы жергілікті мәслихаттарда талқыланып, бекітіледі.

Айта кетейік, саяжайларда қазір 142 мың адам тұрады.

Болат Мұсылманбеков, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:

- Қанша қосымша балабақша керек, қанша мектеп керек. Қанша халық тұрады. Барлығын есептеп, бас жоспарына кіргізіп, халықтың алдында тыңдауларын өткізіп. Сұрақтары. Басқа бір қате жері, ұсыныстары айтылды.