Талдықорғанда иесіз жануарларға арналған орталық салынады

Талдықорғанда иесіз жануарларға арналған орталық салынады

Жыл басында Талдықорғанда қаңғыбас иттердің қаптап кеткенін және олардың адамдарға шабуылдап жатқанын айтып, бейнесюжет әзірлеген едік.

Біз ол материалда Жетісу облысы бойынша иесіз жануарларды оқшаулауға арналған бірде бір орынның жоқ екенін баяндадық. Өңірлік ветеринария басқармасы осы мәселеге байланысты брифинг өткізіп, жуық арада қандай шаралар қолға алынатынын мәлімдеді. Олардың айтуынша, Талдықорғанда алдағы көктемде иесіз ит-мысықтарды уақытша ұстауға арналған орталық салына бастайды. Ол үшін арнайы жер бөлініп, 28 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттамасы жасалған. Ал құрылыс-монтаж жұмыстарына жергілікті бюджеттен 742 млн теңге қаралады. Мұндай жұмыстар Жетісу облысындағы барлық аудан орталықтарында атқарылады», – деді облыстық ветеринариялық қызмет өкілдері. Өткен жылы Талдықорған қаласы бойынша ит аулау мақсатына 9 млн теңгеге жуық қаржы бөлініп, игерілді. Оған 748 ит ауланып, залалсыздандырылған.

 

Салтанат Ибадуллаева, қала тұрғыны:

- Тендер ұтқан күнннің өзінде де дұрыс жұмыс жасамағандықтан, осыншама иттің пайда болуына әкеліп соғып тұр. Қаншама тұрғындар наразы бізде. Кішкентай балалар оқудан қайтқан кезде, сабақтан қайтқан кезде ата-аналарынан өтінеді «әкешім, анашым, күтіп алшы» деп. Себебі қорқынышты. Мына иттер үлкен кісілердің өзіне шабады. Сондай ешнәрседен қорықпайтын иттер.

 

Дархан Әбілбаев, облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы:

- Талдықорғанда бағанағы приют деп отырмыз ғой, иттерді ұстау орны. Ол кәдімгі арнайы біздің қаржы министрлігімен бекітілген. Біздің жергілікті әкімшіліктер, районный акимат, солар салуға тиісті питомниктарды. Қазіргі таңда ол кісілерге жер бөлінді. Барлық аудандарда жер анықталды. Жобалық-сметалық құжаттар дейді ғой, солар дайындалып біту үстінде. Талдықорған қаласында осы мамыр айында құрылыс жұмыстары басталатын болып тұр.