Өскеменде жалған сертификат сатқан азамат ұсталды

Өскеменде мұғалімдерге біліктілік арттырғаны туралы сертификатты сатқан, азамат анықталды.

«Осындай алаяқтықпен ол 54 адамнан, 19 млн тг алған» дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары. Ол 2022-2023 жылдары педагогтермен қатар оқушыларға Ұлттық бірыңғай тестілеудің жалған сертификаттарын сатқан. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталды. Залалды өтеу мақсатында күдіктінің автокөлігіне тыйым салынды. Оған үй-қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.