Азаптау мен қатыгездікке қарсы күрес

Былтыр құзырлы органдарға құқық қорғау қызметкерлерінен жәбір көрген 5 мың адамнан арыз түскен.

Олар соққыға жығылап, психологиялық қысымға душар болғандарын айтып шағымданған. Мұндай қатыгездікпен күресу үшін елімізде кешенді реформалар қолға алынып, жаңа заң жобасы әзірленуде. Айта кетейік, елімізде 30 мыңға жуық адам темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатыр.

Өткен жылдың соңында елордада Жедел іздестіру басқармасының 4 полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Олар жәбірленушіні қылмысын мойындату үшін ұрып-соққан. Сот шешімімен олардың үшеуі 4 жыл, біреуі 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Ерқанат Тамаев, Астана қалалық прокуратурасының басқарма прокуроры:

- Сот отырысына видеобайланыс арқылы Полиция департаменітінің 50-ден астам қызметкері қатысып отырды. Бұның негізгі мақсаты, мұндай «азаптау» фактілері алдағы уақытта орын алмау мақсатында жасалып отыр. Себебі өздерінің бірге істеген әріптестерінің сотталушы орындығында отырып бас бостандығынан айыру жазасын алып жатқандығы туралы көрсетілімде болды.

Адамға жәбір көрсеткендерге жаза қатал. Мәжіліс қабырғасында азаптауға қатысты заң жобасы қаралып жатыр. Жұмыс тобының жетекшісінің айтуынша, жаңа құжат адамның қадір-қаситін қорлайтын әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Абзал Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Азапқа салу фактісі бойынша ауыр және аса ауыр істер категориясына жатады. Яғни, бір адам азаптаған болса ол ауыр қылмыс санатына жатқызылады, ал ол ұйымдасқан топ  болып әрекет еткен болса, түрменің басшылығы бірлесе әрекет еткен болса аса ауыр санаттағы қылмыстармен істі болады. сотталған азаматтар өздерінің арыздарын беруге мүмкіндік беретін аппараттар орналастырылған. Сол аппаратқа барып, өзі туралы мәліметті енгізіп, тікелей жолдай алады. Қоғамдық бақылау комиссиясы деген бар.

Аталған комиссия түзеу мекемесіне кез келген уақытта барып, сотталған азаматтың жағдайын тексере алады. Шағымын тыңдайды.

Деректерге сүйенсек, былтыр құқық қорғау органдарының 45 қызметкері «істі болғандарға қысым көрсетті» деген күдікке ілінген. Олардың 12-сі бас бостандығынын айырылды.

Артур Ластаев, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл:

- Былтырғы жылдың 10 айының өзінде бізге 5 мыңнан астам арыз-шағым келіп түсті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3 есе көп, 2022 жылдың көрсеткішінен де жоғары. Біз мұны аймақтық өкілдіктердің ашылғанымен байланыстырамыз. Біз халыққа жақындай түстік. Өңірлердегі өкілдер күн сайын жеке қабылдаулар өткізеді. Бұл - институттың азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдарды біріктірудегі басты рөлі.

Еліміз азаптаулар мен басқа да қатыгез әрекеттерге қарсы қабылданған Ыстанбұл хаттамасына қосылғаннан кейін омбудсмендердің құзыреті кеңейді. Адам құқықтарын қорғауға бағытталған кешенді реформаларды іске асыруда қоғамдық ұйымдарда да үлесі зор.

Салтанат Тұрсынбекова, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы:

- Штаттық бірлік 12 адам болатын. Ал қазір 105 адамға жетті. Барлық 20 өңірде арнайы өкілдіктер ашылды. Халықтың кеңінен осындай уәкілдің бар екенін оған шағымдануға болады екенін саяси реформаның бір үлкен әсері халықтың үнін - мұңыны сол жаққа барып естидік болдық.

Зайырлы мемлекетте қатыгездіктің барлық түріне қатаң тыйым салынады. Қазақстан бұл бағытта халықаралық хаттамаларға қосылып, заңның үстемдігін арттыру тетіктері ширап келеді.

Авторы: Қуандық Танабас