Елордадағы «Өндіріс» алабы тұрғындары алаңдаулы

Қақаған аязда қаптаған қаңғыбас иттер мен, мұз қатқан құбыр, қираған ойын алаңдары

және қардан тазартылмаған жол мәселесі «Өндіріс» тұрғын үй алабының халқын алаңдатады. Тілшілеріміз өткен аптада, арнамызға хабарласып, базынасын айтқан қарашаның мәселесін көтеріп, арнайы материал әзірлеген болатын. Сол кезде жергілікті билік дәйекті жауап бермеген еді. Бүгін олар, иесіз иттердің мәселесі, назарға алынғанын, су жаңа ойын алаңдары салынатынын айтты. Мәселен, былтыр 2 балалар алаңы қолданысқа берілсе, биыл 3-еуі жоспарда екен. Ал Сары-жайлау, Мұнайшылар, Өндіріс көшелерін жыл соңынан дейін, толық жарықпен қамтимыз дейді.

Ержан Қасымбеков, Байқоңыр ауданының бас инспекторы:

- Қаңғыбас иттердің қыстық уақытта, ондай проблема бар. Күніне екі-үш адам жазады. Иттер жүр дейді. Біз жібереміз. Жалпы «Өндіріс» алабында көбісі жер үйлер. Бір рет қарды шығарып кетеміз, алып кетеміз. Артынша жеке үйлердегі қарлар тағы шығарылады. Сонымен жұмыс қайталанады. «Астана су арнасы» жылыту кезекшілік техникасы бар. Ол күнделікті барлық адрестерді обход жасап, қарап жүреді. Күнделікті жылыту жұмыстарын жүргізеді.