Ақтөбе жұртын дүрліктірген жалған ақпарат таратушы жазаланады

Жалған ақпарат жайып, Ақтөбе жұртын дүрліктірген күдікті анықталды.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, желі қолданушысы шетелдік азамат болып шаққан. Хабарлама иесі мектептерде терракт ұйымдастырылады деп жұртты әуреге салды. «Қазір анықталған күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Жағдай бақылауда, халықтың дүрлігуіне ешқандай себеп жоқ», - дейді тәртіп сақшылары. Мектептердегі бейнебақылау камералары үзіліссіз жұмыс істеп тұр. Жергілікті полиция да күшейтілген режимде халық қауіпсіздігін қамтасыз етеді.