Шымкентте теміржол магистралды желісінің қауіпсіздік деңгейі жақсарды

Шымкентте теміржол магистралды желісінің қауіпсіздік деңгейі 25 % жақсарды.

Сала мамандарының сөзінше, механикалық жабдықтар мен заманауи техникалық мүмкіндіктің артуы әсерінен шойын жол бойында оқыс жағдайлар азайған. Одан бөлек қарапайым жұмысшылардың еңбек өнімділігі артып, аймақта модульдік нысандар мен жылыну бекеттері ашылып жатыр.

Тәшенбай Әліқұлов теміржол саласында 10 жылдай уақыт еңбек етіп келеді. Тәжірибелі маман ға жүктелетін жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Ауа райы қанша құбылса да темір жолда темірдей тәртіп болу керек. «Әрине, ең алдымен күтіп ұстау жұмыстарының маңызы зор. Сонда ғана жол сапасы жақсарып, пойыздың жүру жылдамдығы артады»,- дедйі ол. 

Тәшенбай Әліқұлов, теміржол монтері:

- Бәрін тексеріп шығамыз. Қараймыз бәрін. Жауапкершілігі бар жұмыс болғаннан кейін біздің міндетімізге сол жұмыстар кіреді. Жаңа инструмент жаңа техника барлығы. Бәрі бар жеткілікті. Қысы-жазы, күннің ыстығы, суығы, мынандай жаңбыр, қарға қарамаймыз. 

Шымкент магистралды желісінде 2 мыңдай адам еңбек етіп жүр. Былтыр олар 40 шақырымнан астам теміржолды күрделі жөндеуден өткізді. Бұған қоса тағы 170 шақырымдай жол қалыпқа келтірілді. Қарапайым жұмысшылардың қол еңбегін жеңілдету үшін жаңадан құрал-саймандар сатып алынды.

Теміржол арқылы жолаушылар мен жүктердің кедергісіз тасымалдануы ел экономикасы үшін аса маңызды. Ал, сала мамандарының шалғай елді мекендерде алаңсыз жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай қажет. Осыны қамтасыз ету мақсатында ел бойынша 132 модульдік нысан салынды. Жаңадан 1224 жылыну бекеті ашылды.

Жомарт Мырзабеков, Шымкент магистралды желі бөлімшесі директорының орынбасары:

- Өткен жылдың қорытындысы бойынша жол қауіпсіздігі 25 % төмендеді. Жоспарымыз өте ауқымды. Алда тек қана теміржол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, біз жол қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын әрі қарай дамыта түсетін боламыз.

Былтыр теміржолшылардың жалақысы 20% өскен. Осылайша өндірістік қызметкерлердің орташа табысы республикалық деңгеймен салыстырғанда едәуір артып отыр. 

Авторлары: Нұрсұлтан Мұхамеджан, Нұрмахан Бекмұратов