Елімізде прокурорлардың араласуымен 130 мың кәсіпкердің құқығы қорғалды

Былтыр елімізде прокурорлардың араласуымен 130 мың кәсіпкердің құқығы қорғалған.

Бизнесмендерді қанап келген мыңнан аса лауазымды тұлға сотталып, 14 мыңнан аса заңсыз  шектеу шаралары алынып тасталды. Бұл туралы еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұқбатында айтты. Жалпы, елде инвестициялық климатты жақсарту - Президент бақылауында тұрған өзекті мәселе. Бизнесті жүргізу мен инвестицияларды тарту барынша ашық әрі әділ жүруі тиіс. Президент пәрменімен кәсіпкерлердің құқығын қорғау тікелей прокурорлардың қарауына өтті. Қазіргі таңда прокурорлар жалпы құны 7,5 млрд доллар болатын мыңнан астам жобаны өз бақылауына алған. «Тек өзіміздің ғана емес, шетелдік инвесторлардың да жағдайы назарға алынады», - деді Берік Асылбеков. Сондай-ақ тергеуші шешімдерінің прокурормен келісілсуі саладағы қылмыс санынан екі есе азаюына түрткі болды.