Атырау облысында балықтарға ауа жіберу жұмысы басталды

Атырау облысында Жайық өзені бойындағы жабық су қоймаларында ойық ойып, балықтарға ауа жіберу жұмысы басталды.

Биыл өзенде қатқан мұздың қалыңдығы жылдағы мөлшерден артық. Сол себепті суасты тіршілік иелерінің тұншығып қалу қаупі бар. Әсіресе, өзеннен тарайтын тоғандарда мұздың қалыңдығы 30-35 смге ге жетті. «Ол балық шабақтарына өте қауіпті»,- дейді мамандар. Индер ауданының аумағында осындай 18 жабық тоған бар. Осыған орай аудандық балық қорғау инспекциясының ұйымдастыруымен табиғат пайдаланушылар мен еріктілерден құралған топ қалың мұзды ойып оттегі жіберуге кірісті.

Азамат Әбіғалиев, Индер балық қорғау инспекциясының бас маманы: 

- Атап айтқандай «большой» «Елтай», «малый Елтай» бар және «Циркованың» «Қарағаш» су тоғандары бар. «Полымбет» су тоғаны бар Сондағы мұздың қалыңдығына байланысты қазіргі таңда балықтардың қырылуының алдын алу мақсатында аэрациялық  жұмыстар атқарылуда. Аэрациялық жұмыстардың негізгі мақсаты балықтарды оттегімен қамту. Қазір 3-те 3 қылып үлкен майналар оямыз.