«Air Astana» акциялары сатылымға шығарылады

Әуе компаниясының құнды қағаздарын АйПио-ға орналастыру мәселелері Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында талқыланды.

Бүгінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат Қоры мен Air Astana компаниясы халықаралық кеңесшілермен бірге үлкен дайындық жұмыстарын жүргізуде. Науқан аясында әуе компаниясының акцияларын институционалды инвесторлар да, жеке инвесторлар да сатып ала алады.

Динара Әлімова, ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы:

- Жиында қаралған өзекті мәселе – биыл 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында жоспарланған өтініштерді қабылдау процесін бастау үшін компанияның бір қарапайым акциясы мен бір ғаламдық депозитарлық қолхатының баға диапазонын анықтау.