«Майқайыңалтын» аумағындағы орға құлаған автобустың дөңгелегі табылды

«Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасының аумағына құлаған автобустың дөңгелегі табылды.

Опырылған жерде 25 күн бойы іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Шұңқырдың түбіне шағын экскаватормен қатар үлкен тастарды ұсақтайтын екінші техника түсірілді. Естеріңізге сала кетсек, қаңтардың 4-іне қараған түні «Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасының аумағында жер опырылып, құтқарушылар мінген автобус құздан құлаған. Екі адамның денесі табылды. Автобус жүргізушісі мен тағы бір құтқарушы іздестіріліп жатыр.