«Майқайыңалтында» автобустың қосалқы бөліктері табылып жатыр

Қазір біз «Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасының аумағында жүрген құтқарушылармен тікелей байланысқа шықтық.

Құтқарушылар осы жерде боранда да, аязда да күн құрғатпай 26 күн бойы жұмыс істеп жатыр. Кеше автобустың дөңгелегі табылғанын айттық. Ендігі сөзді құтқарушылардың өз аузынан естиік. Қазір тікелей эфирге Баянауыл аудандық ТЖБ бастығы Азамат Қожабердиев шығып тұр.