Жемқорлық жайында хабарлаған азаматтар қорғалады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды қорғайды.

Сонымен қатар ақпараттың құпиялылығы жөнінде келісім жасалады. Бұл – еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылықтың бірі. Биыл Шымкентте осындай 6 келісім жасалған. Құқықбұзушылық туралы хабарлаған азаматтарға қысым көрсету жағдайларының алдын алу да қарастырылып отыр. Мәселен, еңбек даулары келісім комиссиясының қатысуымен қаралады. Отырысқа міндетті түрде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі шақырылады. Егер қызметкерді қудалау белгілері байқаса, жергілікті орган немесе прокуратураға жұмыскердің құқығы бұзылғандығы туралы хабарлама жіберіледі.

Дәурен Ерғарин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылықтардың бірі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын адамдарды қорғау шараларының жүйесін жетілдіру болып табылады. Қабылданған нормалар, біріншіден, адамдардың еңбек мүдделерін қорғауға бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасау қағидалары қабылданып, қазіргі уақытта нысандары бекітілген болатын.