Еріктілер жемқорлыққа қарсы бірікті

Енді еріктілер де жемқорлыққа қарсы күш біріктірмек.

Былтырдан бері  жүзеге асқан «Жемқорлыққа қарсы еріктілік» жобасы бұл күнде жемісін беріп жатыр. Жоба аясында жастар 300 млн-нан астам қаржының қолды болуының алдын алды. Ал бұл туралы қала тұрғындары біле ме екен? Ерікті болуға келісе ме?

- Жалпы сыбайлас жемқорлық дегенге мен өзім қарсымын. Ол азайса, өте  жақсы болар еді. Ерікті болуға келісемін.

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ерікті болуға келісетін едім. Өйткені қазір бізде ондай волонтерлер аз деп ойлаймын елімізде. Сондықтан егер де біз жастар соған үлес қоссақ, еліміз әлдеқайда көркейе береді.

- Жемқорлық деген жаман нәрсе ғой негізі. Қазаққа да, адамгершілікке де сай нәрсе емес. Сол үшін ерікті болуға келісемін.

- Қазақстан азаматы болғаннан кейін ерікті болуға келісемін, елімді дамытуға үлес қосу үшін ерікті болуға келісемін.