3 жылда 17 мың әскери қызметкер жұмыстан кеткен

Соңғы 3 жылда 17 мыңнан аса әскери қызметкер жұмыстан кеткен. Оның 4 мыңнан астамы офицер.

Бұл туралы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Қамалетдинов мәлімдеді. Оның айтуынша, әскери қызметкерлердің жалақыға көңілі толмайды. Соңғы рет айлықтары 2008 жылы индтекстеліпті. Оған қоса, шекаралық қызмет пен Қорғаныс министрлігі қызметкерлерінің табысында айтарлықтай айырмашылық бар. Сондықтан жалақыны жүйелеп теңестіру және қайта индекстеу ұсынылды. 3 жылда Қарулы Күштер қатарына 14 311 әскери қызметші қосылған.

Олжас Құспеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазір нарықтық орташа деңгейдегі жалақыға жеткізу үшін 40 пайызға иднексикация жасау керек. Республикалық бюджеттік комиссия болады, бюджетті анықтау бойынша сәуірде. Сол кезде енгізіліп егер Үкімет тарапынан қолдау болса, біз депутат ретінде талап етеміз міндетті түрде оны. Егер енгізіліп жатса, ол биыл шешілуі мүмкін.