БҚО-да мұнай-газ компаниясы ₸164 млн айыппұл төледі

Экология департаментінің мәліметінше, кәсіпорын зиянды заттарды атмосфераға белгіленген мөлшерден артық шығарған.

Қарашығанақ кенішіндегі шикі газды жағу кезінде күкірт диоксиді, күкіртсүтек және меркаптан экологиялық рұқсатпен белгіленген жылдық шектен асып, жалпы көлемі 48 тоннаға жеткен. Мекеме осы үшін қыркүйекте жауапқа тартылған. Алайда желтоқсан айындағы кезекті тексеріс барысында тұрмыстық ағынды суларды төгу кезінде ластаушы заттар белгілі шектен асып кеткені анықталды.

Мұрат Ермекқалиев, БҚО Экология департаментінің басшысы:

- Тұрмыстық ағынды суларды төгу кезінде хлоридтердің нормативі бір тоннаға, тұздар аммониінің, сонымен қатар нитраттардың көлемі 0,43 тоннаға, хлоридтерден 230 тонна, сонымен қатар «сероводород» дейміз,  күкіртсутек 2 келіден асқан. Сол бойынша екінші айыппұл салдық 50 млн теңгеге. Былай сотта қарстырылып жатыр.