Digital Almaty форумы басталады. LIVE

Бүгін дәстүрлі Digital Almaty форумы басталады.

Ол X ИНДУСТРИЯСЫ: болашақтың цифрлық эволюциясы,-деген тақырыппен өтеді. Оған 200-ден аса сарапшы шақырылған. Олар 3 күн бойы өздерінің үздік іскерлік бағдарламасымен бөліседі. 

Биылғы форум цифрлық индустрияның жаңа дәуірін қалыптастыруға бағытталған. Ауқымды шара барысында инновация, технология, өнеркәсіп және индустрия бағытында жұмыс істеп жатқан компаниялардың көрмесі болады. Жылдағы дәстүр бойынша робототехника  чемпионаты мен  стартап-баттл ұйымдастырылады. 

“Digital Almaty-2024” биыл осымен 6 шы мәрте ұйымдастырылып отыр. Былтыр оған қатысушылар мемлекеттік басқару, цифрлық тау-кен, криптобиржа, киберқауіпсіздік, білім беру және корпоративті инновациялар туралы талқылаған болатын. Ал, осы форумда цифрлық индустрияның жаңа дәуірін қалыптастырудың бағыты сөз болады. Оған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мен Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінен өкілдер , жетекші сарапшылар, кәсіпкерлері қатысады. Сондай-ақ форум аясында үздік өнеркәсіптік стартапты анықтайтын сайыс, IT-экожүйе саласындағы тәжірибеден өткен жобалар , отандық ірі жер қойнауын пайдаланушылардың, технопарктердің, технологиялық компаниялардың көрмесі өтеді. Биыл өнеркәсіптегі цифрлық трансформация, GovTech, 4.0 индустриясы, ESG, Smart City және басқа да салалардағы инновациялық шешімдерді ұсынатын ауқымды іскерлік бағдарламаны ұсынбақ.

Панельдік пікірталастар шеңберінде халықаралық сарапшылар, сала көшбасшылары, IT және бизнес саласындағы жетекші инноваторлардан 200-ден аса спикер қатысады. Олар жаңа технологияларды қолдану жайында ой бөліседі. Шараға 30 мыңнан астам адам қатысалы деп күтіліп отыр.
“Digital Almaty” халықаралық форумы жыл сайын әлемнің 15 елінен жетекші сарапшыларды жинайды

Биыл біз цифрлық индустрия тақырыбын талқыланады. Елімізде жалпы ішкі өнім өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп құрайды. Сондықтан экономикалық саладағы бизнес-процестерді жақсартуға көмектесетін жаңа цифрлық шешімдер қажет. Форум алаңы осы саладағы негізгі трендтерді, жобаларды және технологияларды таныстыру және талқылау үшін зор мүмкіндік береді.

Бүгінгі өтетін панельдік сессияның тақырыптары: Киберқауіпсіздік , Қытайдың өндірістік трансформация тәжірибесі , Сақтандыру нарығын цифрландыру, Өнеркәсіптік қауіпсіздік трендтері , Цифрлық жобалардың сәтті кейстері деп аталады.