Digital Almaty форумында ұсынылған идеялар нақты шешімдерін табуда

Мәселен, 2023 жылы Кремний алқабында Silkroad Innovation Hub құрылды.

Бұл бастама алғаш рет осы цифрлық форумда көтерілген болатын. Бұл туралы форумның ашылуында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты. Бүгінде хаб жаңа стартап жобалардың отанына айналды. Бұл жерде стартаперлер өз идеяларын көрсетіп және инвесторлар табуға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, биыл алтыншы рет өтіп отырған цифрлық форумға IT және бизнес саласындағы жетекші инноваторлар қатарынан 200-ден астам спикер қатысуда. Олар экономика мен инновацияның нақты секторында жаңа технологияларды қолдануда табысты кейстермен бөліседі.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Бүгінгі таңда Орталық Азия елдерінің стартаперлері хабта өз өкілдіктерін ашуына мүмкіндік бар. Елімізден Силикон алқабына баратын кез келген стартапердің  өзінің хабы болады. Ол әріптестерімен тәжірибе алмасып, ынтымақтастық орнатып, желі құруға және инвестиция табуына мұмкіндік береді.