Сабақта телефон пайдалануға тыйым салынуы мүмкін

Оқушыларға сабақ уақытында телефон ұстауға заңды түрде тыйым салынуы мүмкін.

Сенет депутаттары тиісті құжатты мақұлдады. Жауаптылардың айтуынша, бұл бастама білім беру сапасына серпіліс әкеледі. Ал оқушылар телефонын мектептегі арнайы жәшікте немесе сөмкесінде сақтай алады. Аталмыш заңның өзге де түйінді тұстары бар. Мәселен, әр ғимаратта терезелердің ашылуына тосқауыл қоятын арнайы тетіктің болуы талап етіледі. Сондай-ақ, мектеп, балабақша мен ауруханаларды есепке алмай, көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысын жүргізуге тыйым салынады. Тағы бір ерекшелік - тәлімгерлік институтының құрылуы. Құжатта кәмелетке толған азаматтар жетім балаларға тәлімгер бола алатыны көрсетілген. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Бүгін мақұлданған заң осы саладағы заңнаманы одан әрі жетілдіруді көздейтін маңызды түзетулі топтамасын қамтидыү сондай-ақ, балалар қауіпсіздігіне қатысты жаңа ережелер де қамтылған. Осы заң арқылы жетім және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік институты енгізіледі. Мақұлданған заң жс ұрпақтың мүдделерін қорғауға тың серпін береді деп сенеміз.