Цифрландыру өмірді өзгертті ме? Блиц

Цифрландырудың негізгі мақсатының бірі  халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігін жеңілдету.

Бұл біздің елде қаншалықты мүмкін болып отыр? 

Риат Шони, тілші:

- Цифровизация өмірімізді түбегейлі өзгертті ма? Бүгінде біз үйден шықпай көптеген мемлекеттік қызметтерді ала аламыз. 

Дәрігердің қабылдауына да жазылу смартфонның көмегімен іске асырылады. Өмірімізде қағазбастылық азайды. Тіпті үйде отырып, смартфонның көмегімен интернеттен кез келген затқа тапсырыс бере аламыз. Есеп айырысуда да қолма-қол ақшаны сирек пайдаланамыз. 

Бұның барлығы күнделікті өмірде қалыпты әдетке айналған секілді? Солай ма? Тұрғындардың пікірін білейік.

БЛИЦ

- Анықтама ала аламыз, ақшамызды аудара аламыз. Басқа да, дәрігерге жазылу телефон арқылы.

- Күнделікті-күнделікті. Минут сайын қолданамыз.

- Барлық мемлекеттік қызметтерді ұялы телефон арқылы немесе интернет байланысы арқылы алу өте көп көмектеседі. Жұмыстан артық сұранбай, қажет жерге мысалы оффлайн түрде бармай, онлайн алған керемет.

- Иә, онлайн. Бұл QR, перевод. Өте жеңіл ақпарат болып саналады мен үшін.

- Картмен төлей салуға телефоннан болады да.

- Көңіліңіз тола ма Қазақстандағы цифровизацияға?

- Күшті, иә. Күшті.

Жақсы енді цифровизация деген барлығы телефон арқылы шешіледі, компьютер арқылы. Бәрі керемет.

- Жеңіл ала саласың. Онлайн интернетте сразу. Барып жүрмейсің. Уақыт та босқа кетпейді. 

Риат Шони, тілші:

- Бүгінгі сауалнамамыздың қорытындысы осындай болды. Сөз жоқ, соңғы жылдары өмірімізге енген жаңа технологиялар барлық салаға оң өзгеріс әкелді. 21 ғасырдың жетістігі болғанымен кем тұстары да жоқ емес бар. Оны жасырудың қажеті жоқ. Мәселен, бір сәтке де болсын интернетке қолжетімділік болмаса, барлық қызмет көрсету тоқтап қалады. Бірақ бұл түзетілетін проблема. Ол енді уақыт пен жауапты органдардың еншісінде.

Риат Шони, Ақылбек Еісмсейітов