Елордада қар тазалау тәулік бойы жүргізіліп жатыр

Елордада қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

Сарыарқа ауданының өзінде 300-ге жуық техника жұмылдырылған. 600-ден астам жұмысшы, 22 мердігерлік ұйым бар. Жиналған қар арнайы полигонға жөнелтіледі. Бірінші кезекте көлік көп жүретін орталық көше жолдары тазаланады. Көктайғақтың алдын алу үшін тұз аралас құм себетін техника қарастырылған.

Бахтияр Досатаев, мердігерлік ұйым басшысының орынбасары:

- Бізде қар тазалау жұмыстары екі режимде жүргізілуде. Бірінші режим таңғы смена, таңғы алтыдан басталып күндізге төртке дейін жалғасады. Одан әрі қарай сағат төрттен таңғы сағат төртке дейін кешкі ауысым жалғасады. 

Данияр Оңғар, «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының бас маманы:

- Сарыарқа ауданы бойынша 700 мың метр куб қар шығарылды аудан бойынша. Жалпы қала бойынша 1 мыңның үстінде арнайы техника бар, 2500-ден астам адам жұмыс жасап жатыр.