Еліміздің басым бөлігінде боран соғады

Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады.

Атмосфералық фронттарға байланысты жел күшейіп, батыста жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Ұлытау, Ақмола облыстарында сырма жүреді. Солтүстік, Павлодар облыстарында желдің күшеюі сақталады делінген Қазгидромет таратқан ақпаратта. Оңтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ республикалық маңызы бар жолдардың кей бағыттарында көлік қозғалысы шектелді.