Ел бойынша «Көктем-2024» оқу-жаттығу жиындары өтеді

8-9 ақпан аралығында ел бойынша «Көктем – 2024» командалық-штабтық оқу-жаттығу жиындары өтеді, деп хабарлайды 24KZ.

Оқу-жаттығу жиындары аясында басқару органдарының, күштік құрылымдар мен құрал-жабдықтардың көктемгі тасқынға дайындығы тексеріледі. Жиындарға орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы биліктің жедел топтары, барлық деңгейдегі азаматтық қорғаныс қызметтері, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық гвардияның бөлімшелері қатысады. Оқу-жаттығу жиындарының штабы Ақтөбе облысында орналасады.